Британ оқушысы "Айфон" смартфонына арналған аса құнды ұсынысы үшін 965 мың доллар алды

АСТАНА. 5 қараша. ҚазАқпарат - 17 жасар британ оқушысы Ник д'Алоизио "Айфон" смартфонына арналған жаңалықтарды ықшамдау бойынша жасақтаған құнды ұсынысы үшін 965 мың доллар инвестиция алды.

Британ оқушысы "Айфон" смартфонына арналған аса құнды ұсынысы үшін 965 мың доллар алды

 Би-би-си телеарнасының   хабарлауынша, бұл ұсыныстың құндылығы сол, 400 белгіге дейінгі кез келген жаңалықты қысқарта алады және талдау да жасап, пайдаланушыға негізгі деген жаңалықты ұсынады.

Еске сала кетсек, 2011 жылдың аяғында бұл салаға алғашқы болып өзгеріс  енгізген гонконгтық  бизнесмен Ли Ка Шингке 300 мың доллар инвестиция берілген еді.