Британ полициясы қиратушы - басбұзарларды әлеуметтік торға қамады
АСТАНА. 11 тамыз. ҚазАқпарат - Ұлыбританияда айыпталушы қиратушылардың кінәсін олардың Twitter мен Facebook-ке өздері салған тоналған тауарларының фотосы дәлелдеп отыр,
деп жазады РБК.
Қамауға алынғандардың көбіне ғимаратқа заңсыз ену және бұзып кіру арқылы тонау жасау айыптары тағылып отыр. Алайда олардың кейбірі әлеуметтік желі арқылы тонау жасауға азғырғаны үшін айыпталуда. Британияда қиратушыларға қарсы шаралар тәулік бойы жалғасуда.
Қазіргі уақытта Лондонда қамауға алынған адамдардың саны 880-ге жетті, 371 бұзақыға айып тағылды. Кейбір айыпталушылардың жасы 11-ге енді толған, алайда олар да бұл оқиғада жауапкершіліксіз қалмайтын болады. «Жастарың қылмыс жасауға жетсе, сол жастарың жасаған қылмыстарың үшін жауап беруге де жетеді», - деді Біріккен Корольдік премьер-министрі Дэвид Кэмерон.
Бейсенбі, 11 тамызда үкімет басшысы парламенттің төтенше сессиясында елді жайлаған бүлікшілікке байланысты қосымша қауіпсіздік шаралары жөнінде есеп беретін болады. Сарапшылардың айтуынша, Д.Кэмерон парламентті жағдайды өз бақылауынан шығармайтындығына сендіруі керек.