Британ полициясы WikiLeaks-тің негізін салушыны әңгімелесуге шақырды

АСТАНА. 7 желтоқсан. ҚазАқпарат - Джулиан Ассанждың қорғаушысы Марк Стивенс (Mark Stevens) Ұлыбританияда оның клиентіне еш айып тағылмағанын және қазіргі уақытта британ полициясымен WikiLeaks сайтының негізін салушысы ұйым туралы келіссөздер жүргізгелі жатқанын айтты, деп хабарлайды BBC News.

Британ полициясы WikiLeaks-тің негізін салушыны әңгімелесуге шақырды

Одан бөлек, Стивенс швед билігінің Ассанжды халықаралық iздеуге берген әрекетін сынға алды. Заңгердің сөзінше, оның клиенті 2010 жылдың тамыз айынан бастап бірнеше рет швед прокуратурасымен кездесуді және шиеленіскен жағдайды шешуді ұсынған, дегенмен бұл ұсыныс қолдау таппаған.

Agence France-Presse BBC телеторабына берген сұхбатында Стивенс полиция өкілдері оған өздері қоңырау шалып, Ассанжды қамауға ордер алғанын хабарлайды, осыдан кейін әңгімелесуге ұсыныс жасайды.