Британ студентінің заңгер роботы 3 млн доллардың істерін жеңуге көмектесті

19 жастағы Джошуа Бродер Стэнфорд университетінде экономика мен компьютер мамандығына оқиды. Бір жыл бұрын ол DoNotPay сайтын жасап шыққан. Сол арқылы пайдаланушыларға көлік тұрағына байланысты айыппұл салу жөніндегі шешімге қарсы шағымдануға көмектескен. «Мен бастапқыда әр хатқа жауап беруге тырыстым, алайда көп ұзамай ай сайын келіп түсетін мыңдаған хаттың әрқайсысына егжей-тегжейлі жауап бере алмадым», - деп баяндайды Бродер. Сонда оның басына онлайн робот құрастыру туралы ойы келген.
Робот пайдаланушыға бірнеше қалыпты сұрақ қояды. Ақпарат жеткілікті болған кезде, ол апелляцияға тапсыру үшін жіберілетін шағымның мәтінін дайындап, ұсынады. Бродердің айтуынша, қазір робот көлікті тұраққа қою айыппұлдары, денсаулық бойынша сақтандыру мәселесі немесе ұшақтар мен пойыздардың кешігуі бойынша апелляциялармен жұмыс істей алады.
Робот жұмысын жақсарту үшін әлі де оқып, үйрену үстінде.