Британдық белсенділер Илон Маскқа қарсы наразылық ретінде Tesla-ны талқандады

АСТАНА. KAZINFORM – Бүлінген көлік енді аукционға қойылады, ал одан түскен қаражат қайырымдылыққа жұмсалады, деп жазды Анадолы. 

Британдық белсенділер Илон Маскқа қарсы наразылық ретінде Tesla-ны талқандады
Фото: Анадолы

Лондонда бір топ белсенді америкалық миллиардер Илон Маскке қарсы наразылық акциясын ұйымдастырып, Tesla көлігін сындырды.

Байлық теңсіздігі мәселесіне назар аударту мақсатында «Бәрі Илонды жек көреді» деп аталған ұйым құрған. 

Британ астанасының оңтүстік бөлігіндегі Hardess Studios ғимаратына жиналған наразылық білдірушілер көлікті балғамен сондай-ақ бейсбол таяқшаларымен кезек-кезек соғып, бөлшектеп тастаған. 

Зақымдалған көлік бірнеше апта ішінде аукционға қойылып, түскен қаражат қайырымдылыққа жұмсалады.

Топ өкілінің айтуынша, 2014 жылғы Tesla Model S көлігін әлеуметтік және әл-ауқат теңсіздігі туралы қоғамдық пікірталас тудыру үшін белгісіз донор сыйға тартқан. 

Бұған дейін хабарланғандай, OpenAI Маскқа қарсы сотқа шағым түсірді.

Соңғы жаңалықтар