Британдық 2 мың жыл бұрынғы қазынаны тауып алды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Британдық БАҚ-тың хабарлауынша, ағылшындық Дербишир графтығының аумағында орналасқан үңгірлердің бірінен римдік кезеңде және кейінгі темір дәуірінде пайдаланылған монета толы сандық анықталды.
Екі мың жылдан астам уақыт бұрын жасырылған қойманы жергілікті тұрғын тауып алды. Ол бұл жерді анықтағаннан кейін оны дереу мемлекет билігіне хабарлаған көрінеді.
Аталған жерге қазба жұмыстарын жүргізу үшін археологтар тобы бағытталды. Ғалымдардың пайымынша, осы аумақта көптеген көне жәдігерлер болуы мүмкін, деп жазады Росбалт.
Атап айтқанда, қазба жұмыстарына Ұлыбританияның мәдени және тарихи мұрасын сақтаумен айналысатын ұйымдардың өкілдерімен қатар әскери қызметкерлер де жұмылдырылған.