04:44, 11 Қаңтар 2015 | GMT +5
Британдық 32 келіге арықтап, қомақты ақша ұтты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бирмингем тұрғыны жыл ішінде 32 келі салмақ тастағандығы үшін William Hill букмекерлік кеңсесінен 2, 5 мың фунт (3, 8 мың долларға жуық) ұтты.
Ер адам өзінің арықтауына 100 фунт қойды. Ал кеңсе қызметкерлері 26 коэффицент белгілеп, Патрик Барнстың мүмкіндігін 5 пайыздан төменге бағалады, деп хабарлайды Myjane . Дегенмен осынау ақша түріндегі күтпеген мүмкіндік британдықтың бойына сенім құйды. Ол жыл бойы тынбай спортпен шұғылданды, дұрыс тамақтанды. Қорытындысында қомақты сомадағы ақшаны қалтаға басты.