Британдық археологтар мезолит дәуірінің қару-жарақ зауытын тапты

АСТАНА. Қарашаның 9-ы. ҚазАқпарат - Бір топ британдық археологтар Мелтон қаласына жақын маңдағы Лестершир графтығынан мезолит дәуіріне жататын қару-жарақ зауытын аршып алды,

Британдық археологтар мезолит дәуірінің қару-жарақ зауытын тапты

деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента. Ру сайтына сілтеме жасап.

Қазба жұмыстарының орнынан бес мыңға жуық зат - негізінен жебелердің кремнийден (шақпақтастан)  жасалған ұштары және сынықтары  табылған.

Археологтар тобының жетекшісі Уэйн Джарвистің айтуынша, қазба жұмыстары жүргізілген жер учаскесі ешқашан егістік алқапқа пайдаланылмаған, осының арқасында артефакттар өте жақсы сақталған. Табылған кремнийдің басым бөлігі, археологтың айтуынша, жебелер жасайтын өзіндік ерекше «зауыттың» болғанын білдіреді.

Джарвис сонымен қатар, Лестерширде кремний кен орнының жоқ екенін - ең жақыны Линкольншир графтығында орналасқанын айтады. Осыған байланысты археолог жебелердің мұқалған ұштары қайта егеліп және қайталап пайдаланылған деген болжам айтты.