Британдық әйел қайтыс болған әжесінен смс-хабарлама алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Британдық Шери Эмерсон қайтыс болған Лесли Эмерсон әжесінен бірнеше смс-хабарлама алды. Ал оның ұялы телефоны марқұмның қасына көмілген еді, деп жазады шетелдік БАҚ.

Британдық әйел қайтыс болған әжесінен смс-хабарлама алды

Эмерсон әжей 58 жасында көз жұмды. Тірі кезінде ол туыстарына смс-хабарлама жібергенді ұнататын еді, сондықтан оның ұялы телефонын қасына бірге қойған. О2 байланыс операторлары әжейдің байланыс номерін ешкім пайдаланбайды деп Эмерсонның отбасын сендірген еді. Әжелері қайтыс болған соң қайғыларын жеңілдету мақсатымен туған-туыстары оған хабарлама жазып тұрады. Алайда бір күні немересіне әжесінен: «Мен сендерді алыстан бақылап тұрмын. Бәрі жақсы болады, тек алға ұмтылыңдар», - деген жауап келеді.

Белгілі болғандай, Эмерсон әжей қайтыс болған соң 3 жыл өткеннен кейін О2 компаниясы номерді басқа клиентке сатып жібереді. Ал ол болса жаңа алған номеріне келген хабарламаларды достарының қалжыңы деп ұғып, жауап жазып жіберген. Шери Эмерсонның айтуынша, ол алдымен біреулер әжесінің қабірін қазып, телефонды алды ма деп қауіптенген. Кейін істің мән-жайы анықталған соң әжесінің номерін алған адам одан жіберген хабарламалары үшін кешірім сұрады.