10:15, 22 Қазан 2015 | GMT +5
Британдық БАҚ Геннадий Головкин туралы жазды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин британдық Boxing News журналының мұқабасына шықты. Бұл туралы GGG-дің ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі тобының парақшасында хабарлады.

Еске сала кетейік, жерлесіміз 18 қазан күні Нью-Йоркте Madison Square Garden аренасында өткен кездесуінде канадалық боксшы Давид Лемьені жеңіп, IBF чемпиондық белдігін олжалаған еді. Оның қоржынында бұған дейін WBA (Super), IBO және WBC (Interim) нұсқалары бойынша чемпиондық атағы болған.