09:29, 25 Маусым 2016 | GMT +5
Британдық банктер сұраныстың жоғары болуынан еуро сатуды тоқтата тұрады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Британдықтардың қолма-қол еуроға сұранысының күрт артуы мен елдің Еуроодақтан шығу шешімінен кейін бағамның шарықтауы валюта айырбастаумен айналысатын бірқатар банктер мен компаниялардың жұма күні операцияларды тоқтата тұруына мәжбүрледі, деп хабарлады Ведомости.

Financial Times ақпаратына сәйкес, Royal Bank of Scotland және оның Natwest бөлімшесі жеке тұлғалар үшін бөлімшеде және сайттарда валюталық операция жүргізуді тоқтатты.
Банк клиенттерін Travelex компаниясына жіберуде және өз сервисінің жұмысын дүйсенбіде жаңартуға ниетті.
Британдық почтаның Travel Money сайтының жұмысы жұмада валюта айырбастау операциясы көлемінің күрт артуына орай техникалық проблемаларға байланысты тоқтатылды.
Thomas Cook туристік компаниясы сайтта валюта айырбастауды тоқтатты. Ал бөлімшелерге еуроға сұраныстың артуынан 1000 фунт көлемінде шектеу енгізілді.