Британдық ерлі-зайыптылар өмірінде екі рет EuroMillions лотереясынан ірі ұтысқа ие болды

Басылым ақпаратына қарағанда Дэвид Лонгу мен Кэтлин Маккензи бұдан екі жыл бұрынғыдай бір миллион фунт ұтысқа ие болған. Бұлар осы жолы сонымен қатар бонус түрінде Jaguar автомобилін де алады.
«Бұл енді болмаған жағдай. Тіпті бір рет ұтқандардың өзі өздеріне келе алмай жатады. Ал екі рет ірі ұтысқа ие болғандардың сезімін өздерің білесіңдер», - деді EuroMillions өкілдері бұл оқиғаға түсінік бере келіп.
The Daily Express басылымының атап өтуінше, бұл 253 миллиардтан ерлі-зайыптылардың бір ғана мүмкіндігі көрінеді. Редакция бұл жаңалықты бірінші сәуір әзілі деп санамауды атап көрсетті.
EuroMillions - халықаралық лотерея, оған тоғыз еуропалық ел қатысады. Ұтыс ойындары әр сейсенбі мен жұмада өтеді. Ең ірі жүлде - 148 миллион фунтты ағылшындық отбасы 2012 жылғы тамызда ұтып алған көрінеді.