Британдық фотограф Моңғолияда тұратын қазақ бүркітшілері туралы ғажайып сурет альбомын жасап шығарды

АСТАНА. 7 мамыр. ҚазАқпарат - Танымал британдық фотограф Джеймс Морган Моңғолияда тұратын қазақ бүркітшілері туралы ғажайып суреттер сериясы бар альбом жасап шығарды.

Британдық фотограф Моңғолияда тұратын қазақ бүркітшілері туралы ғажайып сурет альбомын жасап шығарды

Бұл туралы бүгін «Экспресс К» газетіндегі (автор Павел Воронин) «Щелкнули клювом» атты мақалада жазылды.

Джеймс Морган Моңғолияның Баянөлгей аймағында болып, бірнеше жыл бойы осында тұратын қазақтың бүркітші отбасыларымен танысты.

Джеймс Морганның айтуынша, бүркітшілердің аң аулау маусымы қыста басталады. Бұл кезде аңдардың терісі қалың болып келеді, ол қазақтың суықта таптырмас бас киімдерін жасауға ыңғайлы. Атқа мінген аңшылар әркез аң аулауға дайын болатын бүркіттерімен бірге саятқа шығады. Моңғол жерлерінде олар қоян, түлкі, қасқыр және басқа да жыртқыш жануарларды аулайды.

- Бірде бізбен бірге 12 жасар кішкентай бала аң аулауға барды. Кішкентай екеніне қарамастан ол аң аулаудың қыр-сырын үйреніп, барлық шеберліктерін меңгерген, - деп бөліседі өз ойымен Д. Морган.