Британдық футболшының аса қымбат тұратын екі көлігін ұрлап кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ағылшындық «Астон Вилла» футбол клубының шабуылшысы Даррен Бенттің екі көлігін ұрлап кеткен. Birmingham Mail-дің жазуынша, көлік құны 150 мың фунт стерлинг.

Британдық футболшының аса қымбат тұратын екі көлігін ұрлап кетті

Оқиға сенбі, 13 желтоқсанда, сағат 03:00-де орын алған, алайда ол жайында бүгін ғана белгілі болды. Қылмыскерлер Литтл Эстон (Стаффордшир графтығы) қаласында орналасқан 30 жастағы футболшының үйіне баса-көктей кірген. Олар Audi RS 6 және Range Rover, көліктерінің кілтін тауып, гаражда тұрған машиналарға мінген күйі белгісіз бағытта бой тасалаған.

Оқиға орнына келген полиция сынған құлыптарды тапты, құқық қорғау органдарының қызметкерлері көліктерді, сондай-ақ қаскүнемдерді іздестіруге кірісті.