Британдық ғалым тортты дұрыс бөлудің әдісін көрсетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Британдық математик Алекс Беллос тортты үйреншікті тәсілмен кеспеу керектігін алға тартуда.

Британдық ғалым тортты дұрыс бөлудің әдісін көрсетті

Өйткені, тәтті нанды бөлудің «классикалық» жолы оның тез кебуіне соқтырады.

Алайда, тортты бөліктерге бөлудің 100 жыл бұрын есептеліп шығарылған балама әдісі бар көрінеді. Осы арқылы кондитерлік өнімнің дәмдік сапасын сақтап, оның тез бұзылмауына қол жеткізуге болады, деп жазады Росбалт.

Алекс Беллос 1906 жылы жарияланған мақалаға сүйене отырып, дөңгелек тортты математикалық қағидаларға сәйкес бөлудің жолын егжей-тегжейлі түсіндіріп берді.