Британдық ғалымдар Антарктидадағы мұздың астынан аса ауқымды шатқал тапты
АСТАНА. 26 шілде. ҚазАқпарат - Британдық ғалымдар ұзақ жылғы ізденістің арқасында Батыс Антарктида мұздықтарының астынан үлкен шатқал бар екендігін тауып отыр.
Олардың пауымдауынша, бұл шатқалдың тереңдігі бір жарым шақырымнан асуы ықтимал. Егер салыстырар болсақ, бұл АҚШ-тағы Үлкен каньонның ауқымындай болмақ.
Абердин университеті мен Британдық арктикалық зерттеу орталығының ғалымдары табылған шатқалдың мұхитпен байланысып, қазіргідей жылымық белең алып тұрған кезде аймақтағы мұздықтардың кемуіне ықпал етуі ғажап емес деген пікірді ұстанып отыр, деп хабарлайды,Утро. ру.