Британдық ғалымдар газдандырылған сусындарға 20 пайыз салық енгізуді қолдап отыр

АСТАНА. 2 қараша. ҚазАқпарат - Британдық Оксфорд пен Рединг университеттерінің ғалымдары газдандырылған су сатуға 20 пайыз салық енгізу керектігін қолдап отыр.

Британдық ғалымдар газдандырылған сусындарға 20 пайыз салық енгізуді қолдап отыр

Зерттеушілердің пікірінше, мұндай шектеу газдандырылған сусындарды сатуды 15 пайызға азайтып, сүт, апельсин шырыны, диеталық сусындар сияқты «денсаулыққа пайдалы» азық-түлікке деген сұранысты арттырады, деп хабарлады Associated Press.

Алайда осындай батыл жаңашылдықтардың жолында жалпы экономикалық реалийлер тұр: биліктегілер экономика тұрақтандырылмай тұрғанын алға тартып, мұндай шешімді енгізуге асықпайды. «2012 жылы да ел үкіметі май құрамы жоғары самса саудасына салық салу туралы өздерінің бастамасынан бас тартты», - дейді сарапшылар.

Газдандырылған сусындарды сатуға салық салу әдісі Мексика, Норвегия, Франция және АҚШ-тың бірқатар штаттарында қолданылады.