Британдық ғалымдар су мен ауадан отын жасап шығарды

АСТАНА. 21 қазан. ҚазАқпарат - Британдық ғалымдар тобы энергетикалық дағдарысты шешуге көмектесетін, сондай-ақ Жер атмосферасындағы көмірқышқыл газдың үлесі азайтатын ауа компоненттерінен отын шығаратын бірегей технология жасап шығарды,
None
None

деп жазады Glob-News сайты британдық  Independent газетіне сілтеме жасап.

Газеттің алғашы бетінде «Эксклюзив» айдарымен Англияның солтүстік-шығысындағы Стоктон-он-Тис қаласында британдық  Air Fuel Synthesis шағын компаниясы биылғы жылғы тамыздан бастап атмосфералық және су буы көмірқышқыл газы синтезінен 5 литр отын шығарғанын баяндайды.

«Біз ауадан көміртегі диоксидін және судан сутегіні алып, бұл элементтерді отынға айналдырдық. Бұдан бұрын біздің елде де, бізге белгілі шет елдерде де мұны ешкім жасаған жоқ. Сұйық заттың бензин сияқты иісі бар, бірақ та мұнайдан алынатын бензинге қарағанда анағұрлым таза өнім», - деп әңгімеледі Лондондағы Механикалық инженерия институтында өзінің ашылымын жариялаған компания басшысы Питер Харрисон.

Қазіргі   кезде синтездеу үдерісі ең бастапқы кезеңінде және ұлттық электр желісінен электр энергиясын талап етеді, дегенмен болашақта оны жасаушылар энергияны қайталама көздерден алуға үміттеніп отыр. Компания таяудағы екі жылдың ішіне коммерциялық ауқымда зауыт салып, күніне осындай бір тонна отын шығармақ.

«Бұл - жақсы жаңалық. Егер жұмыс ілгерілеп, жақсы нәтижелерге жеткізсе құба-құп», - деді Механикалық инженерия институтының қоршаған орта және энергетика департаментінің басшысы Тим Фокс.

Соңғы жаңалықтар
Референдум