Британдық ғалымдар жұмысқа жаяу барудың жүйкеге пайдасы бар екенін дәлелдеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жұмысқа жаяу немесе велосипедпен баратындар күйзеліске ұшырай қоймайды және көлікке мінгендерге қарағанда жағдайға ден қою қабілеті де жоғары болады.
Мұндай тұжырымға Шығыс Англия Университетінің ғалымдары 18 жыл аралығында 18 мың британдыққа жүргізген сауалнама нәтижесінде келіп отыр. Зерттеу жаяу немесе велосипедпен жұмысқа бару ғана емес, сонымен бірге жеке көлікке қарағанда, қоғамдық көлікте жүрудің оң әсер беретінін көрсеткен.
Автобуста, пойызда, стансада адамдарға бой жазып, кітап оқуына мүмкіншілік бар. «Зерттеу көлікте көп жүрген адамдардың психологиялық жағдайы нашарлай түсетінін көрсетті. Және тиісінше, адамдар жұмысқа ұзақ жүріп барса, өзін жақсы сезінеді», - деп санайды Preventive Medicine журналында жарияланған мақаласында Адам Мартин.