Британдық ІІМ басшысы Тереза Мэй премьерлікке кандидатурасын ұсынбақ
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлыбритания ішкі істер министрі Тереза Мэй өз кандидатурасын Консервативтік партиясының басшысы және елдің премьер-министрінің орнына ұсынатынын ресми жариялады, деп хабарлады Би-Би-Си.
Ол Фейсбук әлеуметтік желісіндегі өз парақшасына мұндай қадамға бірден үш себеп бойынша баруға шешкенін мәлімдеді.
Біріншіден, оның айтуынша, қазір елге «мықты, сыннан өткен елді экономикалық және саяси тұрақсыздық кезеңінде басқара білуге және Еуроодақтан шыққан мемлекет үшін барынша тиімді жағдайлар туралы келісуге қабілетті көшбасшы» қажет.
«Екіншіден, бізге партия мен елді біріктіретін көшбасшы қажет. Әзірге лейбористер өздерін жойып, ал Шотландия мен Уэльсте ұлтараздық орын алып жатқан кезде Консервативтік партия жұмылып, барша елдің мүддесі үшін басқаруды жалғастыруға міндетті», - деп санайды ол.
Үшінші себебі, мемлекеттік дамуына тың, жаңа оң тәсіл қажет деді. Оның пікірінше, Ұлыбритания кейбір артықшылығы бар азаматтарға ғана жайлы ел емес, баршаға арналған ел болуы тиіс.
Бұдан бұрын бейсенбіде премьер-министрлікке өзін ұсыну ниетін Ұлыбритания әділет министрі Майкл Гоув білдірген. Оның шешімі көпшілік үшін күтпеген жағдай болды, себебі көпшілік оны бұрынғы Лондон мэрі Борис Джонсонның кандидатурасын қолдайды деп күтті.
Джонсон кандидатурасын ұсыну жайлы алдағы бейсенбіде әңгіме болмақ.
Джонсон мен Гоув Ұлыбританияның Еуроодақтан шығуын қалаған, ал Мэй бұрынғы премьер-министр Дэвид Кэмеронмен одақта мүшелікте қалуды жақтаған.
Референдум өткен аптада өтті. Қорытындысы бойынша көпшілігі Еуроодақтан шығуға дауыс берді. Артынша премьер-министр Дэвид Кэмерон қазанда отставкаға кететінін мәлімдеді.