Британдық Jaguar Land Rover көлігі Қытайда шыға бастады

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Қытай Халық Республикасы Цзянсу провинциясының Чаншу қаласында британиялық Jaguar Land Rover (JLR) компаниясы мен қытайлық Chery компаниясының бірлескен кәсіпорны салтанатты жағдайда ашылды, деп хабарлады «The Global Times».

Британдық Jaguar Land Rover көлігі Қытайда шыға бастады

Салтанатты жиында Қытайды жасалған тұңғыш Land Rover Evoque көлігінің таныстырылымы болды. Бұл көлік алдағы қарашада Гуанчжоуда өтетін 12-ші халықаралық автомобиль көрмесіне шығарылады.

Айта кетейік, британдық брендтің тарихында бұл көлік - шетелде толық құрастырылық тұрған бірінші нұсқа. Бұған Қытайда JLR-дің өтімді бола бастауы ықпал етті. Мәселен, 2013 жылы компания Қытайда 95 мың көлігін сатса, 2014 жылдың тек, 9 айында 92 мың машинаны сатқан. Мұнымен, жыл сайынғы сату көлемі 30-38 пайызға артып отырғанын көрсетті. Chery Jaguar Land Rover Automotive Co бірлескен кәсіпорны басшыларының мәлімдеуінше, зауыт жыл сайын Қытайда әртүрлі модельдегі көліктің шамамен 130 мыңын жасауды жоспарлап отыр. Еске сала кетейік, қазіргі уақытта неміс брендтері: Audi, BMW и Mercedes-Benz Қытай нарығындағы премиум класындағы көліктер көшін бастап келеді. Олардан кейін JLR мен Volvo тұр.