11:52, 10 Наурыз 2014 | GMT +5
Британдық кітапхананың кітабы 63 жылдан кейін қайтарылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Британдық кітапханаға 1950 жылы 31 желтоқсанда берілген «Пиноккионың бастан кешкендері» кітабы қайтарылды, сөйтіп, бұл басылым кітап сөресіне 63 жылдан кейін оралып отыр, деп жазады шетелдік БАҚ.
Мекеме басшылығы бұған мерзімі өтіп кеткен кітапхана кітаптарын айыппұлсыз қайтару жөніндегі сексен күндік науқан өз рөлін атқарды, деп санайды. Алайда кітапхана қызметкерлері өздерінің таңғалысын жасырмайды, деп атап өтеді Guardian. «Көптен бері ат ізін салмаған оқырмандарымыздың назарын аудару үшін әрқашан да жаңа бір нәрсе ойластырып отырамыз, бірақ та мұндай нәтижені күтпеген едік», - деп әңгімеледі кітапхана өкілі.
Осы британдық кітапханада кітапты белгіленген мерзімінен артық бір күн пайдаланғаны үшін оқырман 18 пенс (12 рубльге жуық) төлейді, бірақ та ең жоғары айыппұл 5,22 фунтпен (315 рубль жуық) шектелген.