Британдық комментатор К.Брукке Головкинмен жекпе-жектен бас тартуға кеңес берді
АСТАНА. ҚазАқпарат - BT Sport және ESPN телекомментаторы Йэн Дарк Келл Бруктың Г.Головкинмен жекпе-жектен бас тартқаны жөн деп санайды. Себебі, бұл - аса қауіпті жекпе-жек, деп жазды Sports.kz.
«Келл Бруктың Головкинмен рингте кездеспегені жөн. Бұл өте қауіпті және оның мансабына нұқсан келтіруі мүмкін. Менеджерінің өте батыл екені көрініп тұр», - деп жазды журналист өз твиттеріне.