Британдық компания тәулігіне 12,5 мың доллар тұратын тарихтағы ең қымбат теңіз саяхаты бағдарламасын ойлап тапты

Ұйымдастырушылардың айтуынша, әлемдегі ең қымбат круиз 124 күнге созылады және Француздық Полинезия, Жаңа Зеландия, Малайзия, Мальдив аралдары және Маврикия сияқты 28 елді қамтиды. Сондай-ақ қонақтарға Құрама Штаттардың ең тамаша көрнекті жері - лос-анджелестік Беверли Хиллзді көрсету, туристердің қаланы «Роллс-ройстармен» аралауы ұсынылады. Лондоннан саяхаттаушыларды үйлерінен Sikorsky ұшақтарымен алып кетеді, оның бортында келісі 6300 долларға жуық қызыл балық уылдырығынан дәм татып, келісі 3000 доллардың Da Hong Pao шайын іішу, Dom Perignon Rosе шарабын ауыз тию ұсынылады.
Сапар құнына ең таңдаулы қонақүйлерде орналасу, дастарқан мәзіріне ең қымбат және сапалы тамақтар қосылған. Саяхатшылар сапарының теңіздік бөлігінде люкс класындағы кемелерге жайғасады. Олар екі жатын бөлмесі, екі ванна бөлмесі, асхана және бар көзделген жайлы каюталарда тынығатын болады.
Саяхат Майамидегі тәулігіне 11,5 мың доллар тұратын қонақүй жайларында бес күн тұрумен аяқталады. Одан кейін олар ұшақпен отандарына, әуежайдан тікұшақпен үйлеріне жеткізіледі.