Британдық Ла-Манш арқылы 16 сағат жүзгеннен кейін қайтыс болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Британдық Ник Томас (Nick Thomas) Ла-Маншты жалғыз өзі жүзіп өтпек болып, қайтыс болды. Оны ес-түссіз жатқан жерінен француз жағалауынан шамамен 10 миль жерден (16 шақырымға жуық) судан тапты, деп хабарлады Lenta.ru BBC News басылымына сілтеме жасап.
Сенбі күні таңертең, 27 тамызда Томас Ұлыбританияның портты қаласы Дуврдан жүзуге аттанды. Шамамен, 16 сағаттан кейін атлет қиналып, есінен айырыла бастады. Құтқарушылар оны судан шығарып, ауруханаға жеткізді, сонда ол жан тапсырды.
Томастың қайтыс болғанын британдық СІМ қуаттады. Сыртқы саясат ведомствосы оның отбасына көмегін ұсынды.
Shropshire Star Томастың 45 жаста екенін, оның құрылыс компаниясында жұмыс істегенін айтады, бірақ та ол триатлон бойынша - Ironman және Ultraman сериялы жарыстарымен әуестенген. Спорттың бұл түрі төзімділікті қажет етеді. Мәселен Ironman жарысы үш кезеңнен тұрады, ол бір күн бойы мына тәртіппен үзіліссіз өтеді: 2,4 мильге жүзу (төрт шақырымға жуық), тасжолда велосипедпен 112 миль жүру (180 шақырымға жуық) және марафон жүгірісі 26,2 миль (42 шақырымнан асады).