Британдық лотереядан рекордтық сома ұтып алды

АСТАНА. Қазанның 9-ы. ҚазАқпарат - Ұлыбритания тұрғыны жұма, қазанның 8-і күні Батыс Еуропа елдерінде өткен Euromillions лотерея ойынан рекордтық сома ұтып алды,

Британдық  лотереядан рекордтық сома ұтып алды

деп хабарлайды Лента.ру агенттігі.

Euromillions ойынының британ аумағындағы операторы болып табылатын Camelot компаниясына сілтеме жасай отырып, BBC News хабарлауынша, жеңімпаз 113 миллион фунтқа ие болады.

Camelot ақпаратына сүйенсек, бұл Euromillions ойынының тарихындағы ірі джек-пот қана емес, бір билет бойынша Ұлыбританияда жеңіп алынған ең үлкен ақша мөлшері. Жеңімпаздың аты-жөні әзірше белгісіз.