Британдық мектеп оқушысы өз сайтын 6 млн долларға сатпай қойды

АСТАНА. ҚазАқпарат -16 жастағы Мұхаммед Әлидің айтуынша, болашақта оның жобасының құны қымбаттай түседі.

Британдық мектеп оқушысы өз сайтын 6 млн долларға сатпай қойды

Йоркшир графтығының тұрғыны Әли үйде отырып нарықтағы ұсыныстарды салыстырып, тиімді баға бойынша тауар табуға мүмкіндік беретін сайт жасады. Жобаны әзірлеуде оған 60 жастағы бизнес-серіктесі Крис Торп көмектескен, деп хабарлайды tjournal.ru .
Оқушының айтуынша, ол әзірге өз бастамасын егжей-тегжейлі айтуды қаламайды, бірақ бұл жобаның әлемде баламасы жоқ екеніне сенімді.

null  

«Лондондық инвесторлар менімен 2016 жылы желтоқсан айында кездесті. Олар деректерді басқарумен айналысады, сондықтан сайтты өзім құрғаныма сенбеді», - деді weneed1 жобасының авторы Мұхаммед Әли.

Әли олардың ұсынысынан бас тартқан. Ол қазір  5 миллион фунтқа (шамамен 6 миллион доллар) бағаланған жобасының болашақта одан да қымбат боларына сенімді. 

null