Британдық миллионер Питер Лэмпл із-түзсіз жоғалды

ЛОНДОН. Ақпанның 17-сі. ҚазАқпарат – Британдық миллионер Питер Лэмпл із-түзсіз жоғалды. Ол өзінің қайырымдылық істерімен танымал болатын, соңғы рет адамдар оны жексенбі күні үйінде көрген, содан бері оның қайда жүргені белігісіз,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру сайтына сілтеме жасап.Лэмплге жақын адамдар оның соңғы күндері тұнжырап жүргенін айтады. Сонымен қатар, миллионердің жоғалуы соңғы уақыттары зайыбымен болған кикілжіңге байланысты болуы да мүмкін деген жорамал да айтылуда. Бұдан он жыл бұрын Питер Лэмпл кедей отбасыдан шыққан балаларға көмек көрсету үшін «Саттон Траст» қайырымдылық қорын құрған болатын. Ұзақ жылдар бойы Лэмпл британдық өкіметке білім беру саласында кеңес беріп келді. Осы еңбегі үшін оған рыцар деген атақ берілді.
Соңғы жаңалықтар