Британдық миллионер жасанды мина іздеу аппаратын сатқаны үшін 10 жылға абақтыға тоғытылмақ

АСТАНА. 3 мамыр. ҚазАқпарат - Ұлыбритания соты Ирак, Сауд Арабиясы, Бельгия және басқа да елдерге жасанды мина іздеу аппаратын сатқан Джеймс Маккормикке 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесті. Бұл туралы шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап Associated Press хабарлады.

Британдық миллионер жасанды мина іздеу аппаратын сатқаны үшін 10 жылға абақтыға тоғытылмақ

Маккормик суда және жер бетінде жарылғыш заттарды табуы тиіс ADE 651 мина іздеу аппаратының 1 данасын 42 доллардан сатқан. Алайда, тергеу барысында сатылымға гольф добын іздеу үшін түрлендірілген аппарат шығарылғандығы белгілі болды