Британдық MINI автомобиліне бомбалаушы ұшақтың қозғалтқышын орнатты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Британдық ынталылар ермек үшін Mini Cooper-ді істен шыққан бомбалаушы ұшақтың аса белсенді қозғалтқышымен жарақтап көрмекке әрекеттенді.
Артынша олар бұл «тапқырлықтарын» іс жүзінде тексеріп көрмек болып моторы өзгеше машинаны Snetterton Circuit трассасына әкелді.
Тайм-аттак чемпионатының үзілісі уақытында автомобильді трекке шығарды. Алайда жүргізуші бір айналымды да артқа тастай алмады, шектен тыс жылдамдық салдарынан бұрылыста қоршаудан шығып кетті.
Абырой болғанда, көлік тізгініндегі азамат аман. Ал автомобиль едәуір зақымданды, деп хабарлайды auto.bigmir.net.