Британдық министр Астанадағы Әзірет Сұлтан мешітінде болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Британияның Еуропа және Америка істері жөніндегі министрі Алан Данкан қазақстандықтарды қасиетті Құрбан айт мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА  тілшісі.
None
None

«Менің артымда керемет Әзірет Сұлтан мешіті тұр. Бұл қаланың белгілі көрнекті жерлерінің бірі және маған бүгін осы мешітке келу бақыты бұйырды. 1 қыркүйек - Ислам күнтізбесінде өте маңызды күн. Сол себепті бүгін мешіт алдында тұрып өзімнің тілегімді білдіргім келеді. Құрбан айт құтты болсын!» - делінген ҚР-дағы Британ елшілігінің  Фейсбуктегі парақшасында жарияланған видеоқұттықтауда. 

Соңғы жаңалықтар