Британдық Мо Фара Бейжіңдегі Әлем чемпионатында алтын олжалады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Британдық желаяқ, тегі сомалилік Мо Фара (Мохаммед Фарах) Бейжіңде жеңіл атлетикадан өтіп жатқан әлем чемпионатында өз құрамасына алғашқы алтын әперді.

Британдық Мо Фара Бейжіңдегі  Әлем чемпионатында алтын олжалады

10 000 метрлік қашықтықта британдық кениялық Пол Тануи және Джоффри Камворорды артқа тастап, 27:01.13 көрсеткішпен жеңімпаз атанды. Бұл оның төртінші чемпиондық титулы.

Мохаммед Фара Сомалиде туған, сегіз жасында Джибудиден Ұлыбританияға көшіп келген. Мұның алдындағы алтынын Фара Мәскеудегі 2013 жылғы Әлем чемпионатында олжалаған болатын.

Енді ол 5 000 метрлік қашықтықта бағын сынамақ.