Британдық парламент Палестинаның тәуелсіздігін мойындады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Британдық парламент Палестинаны тәуелсіз мемлекет деп тану туралы қарарға дауыс берді, деп хабарлады ТАСС.

Британдық парламент Палестинаның тәуелсіздігін мойындады

Ұсыным түріндегі құжат министрлер кабинетіне міндетті сипатта емес, оны мақұлдау Палестинаны тану «мезгілсіз» деп санайтын британдық үкіметтің саясатын өзгертуге соқтырмайды.

Палатаның 650 депутатының 274-і Палестинаны тәуелсіз мемлекет деп тану туралы қарарды жақтап дауыс берді. Қарсы дауыс бергендер саны - 12.