Британдық радио әуесқой ХҒС сигналын ұстап, астронавтпен сөйлесті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ағылшындық Коулфорд қаласының тұрғыны радио әуесқой Халықаралық ғарыш стансасының хабар таратқыш жиілігі арқылы интернет пен спутниктік байланысына жүгінбей-ақ америкалық астронавтпен сөйлесе алды.

Британдық радио әуесқой ХҒС сигналын ұстап, астронавтпен сөйлесті

52 жастағы Адриан Лейннің мәлімдеуінше, радиоқабылдағышты өз гаражында жинаған.

Оның айтуынша, ХҒС Колуфордтан өткен кезде төрт минуттық бос уақытты пайдаланудың сәті түскен.