Британдық сарапшылар БҰҰ баяндамасынан Асад режімінің кінәсін дәлелдейтін дерек таппады
АСТАНА. 18 қыркүйек. ҚазАқпарат - Британдық сарапшылар БҰҰ-ның химиялық қару жөніндегі мамандарының баяндамасынан Асад режімінің кінәсін дәлелдейтін дерек таппады.
Олардың пайымдауынша, халықаралық ұйым сарапшылар қорытындысы Сирия билігінің жаппай қырып-жою қаруын қолданғанын жанама көрсетеді. Дегенмен бұл кінәлілерді жазаға тартуға жеткіліксіз, деп хабарлады Утро.ру.
Айта кетейік, Дамаск түбіндегі қалада химиялық қарудың қолданылуы туралы БҰҰ испекторларының баяндамасы ұйымның бас хатшысы Пан Ги Мунға осы дүйсенбі күні ұсынылған болатын. Тергеу амалдары Сирия астанасына тақау қалашықта зарин газының қолданылғандығы туралы деректің рас екендігін дәлелдеді. Ал БҰҰ бас хатшысы сарапшылар міндетіне шабуылға кінәлілерді іздеу кірмегендігін атап өткен еді.