Британдық тұрғын холокост кезінде өзі құтқарған балаларды 50 жылдан кейін көрді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Желіде 1988 жылы түсірілген телебағдарлама жазбасы танымал бола бастады.
Ондағы басты кейіпкер, британдық Николас Уинтон 669 еврей баласын холокосттан құтқарып қалған. Ер адам студияға жиналған көрермендердің 1939 жылы Чехословакиядан Ұлыбританияға өзі алып шыққан балалар екенін білгенде таң қалды. Өзінің бұл ерлігі жайлы Уинтон ешкімге айтпаған. Үй шатырынан құтқарылған сәбилердің құжаттары мен фотоларын тауып алған әйелі оған тосынсый жасауды ұйғарды. Студияға жиналған көрермендер, яғни құтқарылған балалар елу жылдан кейін Николасқа шексіз алғыстарын білдірді.