Британдық турист Сейшелде акуланың құрбаны болды

АСТАНА. 17 тамыз. ҚазАқпарат - Сейшел аралдарында акула адамға шапты. Курортта бал айын өткізіп жүрген 30 жастағы британдық турист жыртқыштың құрбанына айналды,

Британдық турист Сейшелде акуланың құрбаны болды

деп хабарлайды ВЕСТИ.ru.

Праслин аралындағы жағажайда шомылып жүрген ер адамды екі метрдей акула қуып жеткен. Осы сәтке дейін Ансе Лацио әлемдегі ең үздік жағажай ретінде саналып келді.

Оқиғадан соң, ауданда барлық демалыс аймақтары жабылды.

Елдің Ішкі істер министрі шұғыл мәжіліс шақырып, сарапшылардан қазірдің өзінде аулауға тапсырма берілген бұл акуланың түрін анықтауды сұрады.

Сейшелге жыл сайын Ұлыбританиядан 19 000 жуық турист келеді.