Британдық университеттер шетелдік студенттер үшін күресуде

АСТАНА. 3 наурыз. ҚазАқпарат - Өткен жылы Британияда Еуроодақтан тыс жерлерден 300 мың студент оқыды, олардың көпшілігі - Қытай мен Үндістан жастары, деп хабарлады Би-Би-Си-дің Орыс қызметі.
None
None

Британдық университеттер үкіметтің иммигранттар ағынын қысқарту жоспарлары елдегі шетелдік студенттер санына әсер етпеуіне қол жеткізуге ниетті.

Лондонның орталығында шақырылған баспасөз мәслихатында Британдық университеттер қауымдастығының президенті Эрик Томас бұл үшін Британияға студенттік визамен келушілер иммиграция статистикасынан шығарылып тасталуына өкімет орындарына өтініш жасамақ.

Иммиграцияны қысқарту қазіргі коалициялық үкіметте басым болып отырған консерваторлардың ішкі саясатының маңызды тармақтарының бірі. Тори билігі өкіметке келген бойда иммиграцияны 2015 жылға қарай 215 мыңнан 100 мыңға дейін қысқарту жоспарлары жөнінде мәлімдеді.

Бұл британ университеттерін тұйыққа тіреп отыр. Қазірде Ұлыбритания шетелдік студенттерге тартымдылығы жағынан әлемде АҚШ-тан кейінгі екінші орында тұр.

Соңғы жаңалықтар