Британдық ВВС бас директорын ауыстырады

АСТАНА. 5 шілде. ҚазАқпарат - ВВС-дің жаңа бас директоры болып Джордж Энтуисл (George Entwistle) тағайындалды. Мұндай шешімді корпорация кеңесі қабылдады.
None
None

Қазір Энтуисл британдық көрсетілім компаниясының төрт ұлттық телеканалын басқарады. Бұл туралы «Русская служба ВВС» -ге сілтеме жасай отырып, Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Джордж Энтуисл ВВС жетекшісі қызметіне осы жылдың күзінен бастап кіріседі. Ол осы лауазымда болған Марк Томпсонды алмастырады.

Естеріңізге сала кетейік, ВВС корпорациясы ВВС әлемдік қызметі арқылы ішкі және сыртқы ғаламтор, радио және телекөрсетілімдерді таратады. Корпорация - мемлекеттік БАҚ емес, ол Ұлыбритания королевасы тағайындайтын 12 адамнан тұратын бақылау кеңесі бар қоғамдық ұйым.

Соңғы жаңалықтар