Британдық жазушы Джоан Роулинг 48 метрлік яхтасын $20 млн-ға сатады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Британдық жазушы Джоан Роулинг 48 метрлік "Амфитрита" қайығын $20 млн сатады. Бұл туралы The New York Post газеті жазды, деп хабарлады ТАСС.
Роулинг яхтаны 2016 жылдың қаңтарында $29 млн-ға сатып алған.
Он жолаушыға шақталған қайық 2001 жылы салынған. Бастапқыда "Анатолия" деп аталды. 2006 жылы оны голливуд актері Джонни Депп сатып алған. 2014 жылы қайық қайта саудаланып, қазіргі "Амфитрита" атауына ие болды.
Джоан Роулинг сиқыршы-бала Гарри Поттердің арқасында танылды. Sunday Times газетінің ақпаратынша, оның дәулеті 600 млн фунтқа (шамамен $800 млн) бағаланды.