Британдық жазушы Джоан Роулинг ең көп табыс тапқан жазушылардың рейтингін бастап тұр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Америкалық Forbes журналының ұйғарымы бойынша 2019 жылғы ең көп табыс тапқан жазушылардың тізімін британдық жазушы Джоан Роулинг бастап тұр. Рейтинг басылымның ресми сайтында жарияланды.

Британдық жазушы Джоан Роулинг ең көп табыс тапқан жазушылардың рейтингін бастап тұр

Роулингтің Нью-Йорктағы Бродвей театрында болған спектакль билеттерінің сатылымы рекордтық көрсеткішке жетті, кітабының 2,8 млн көшірмесі сатылды, тақырыптық ойын-сауық паркінен түсетін кірісі мен соңғы кітабын экранға шығарудан жиналған қаражаты оның алғашқы орынды иеленуіне себеп болды. Жазушының жалпы кірісі 92 млн долларды құраған.

Екінші орында - Билл Клинтонмен бірге «Президент жоғалды» романын жазған америкалық жазушы Джеймс Паттерсон.Оның табысы 70 млн доллар.

Рейтингтегі үшінші орынға АҚШ-тың экс- бірінші ханымы Мишел Обама жайғасты. Ол өзінің BECOMING кітабын сату арқылы 36 млн доллар тапқан.