Британдықтар дәрумендермен байытылған саңырауқұлақ өсірді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Британдық компания Монахан графтығында D дәруменіне бай ерекше саңырауқұлақ өсіріп шығарды.

Британдықтар дәрумендермен байытылған саңырауқұлақ өсірді

Саңырауқұлақтың мұндай түрін өсіруге 5 жыл уақыт кетті, деп хабарлады Kedem. Оның дәмі әдеттегі саңырауқұлақтың дәмінен еш айырмашылығы жоқ, жарықтың әсерімен табиғи түрде D дәруменімен байытылды, себебі дәстүрлі саңырауқұлақтар жарықты қажет етпейтін болғандықтан қараңғы қоймаларда өсіріледі.

Әрі бұл саңырауқұлақтар адамның шаршауын басатын В5 дәруменіне, қалыпты артериялық қысымды қолдайтын калийге бай.

Саңырауқұлақ 200 грамы 1,95 долларға сатылады.