Британдықтар - ең ашушаң еуропалықтар

АСТАНА.  Шілденің 30-ы.  ҚазАқпарат -   Британдықтар - ең   залым,  ал  даниялықтар - ең   ақкөңіл   еуропалықтар    болып шықты.   Gold   жерсеріктік  телеарнасының  тапсырысы  бойынша 72 Point  компаниясы    жүргізген    сауалнаманың  мәліметтері     осындай, 

Британдықтар  - ең ашушаң еуропалықтар

деп   хабарлайды  ҚазАқпарат Utro.ru сайтына  сілтеме  жасап.

Зерттеудің   нәтижесінде анықталғандай,  орта есеппен  алғанда, әр   британдық   күніне    төрт рет   ашу  шақырады екен.  Ал даниялықтар   он  күнде  бір рет   ашуға ерік беретін көрінеді.   Ең  қызуқанды саналатын   итальяндықтар    екі күнде  жеті  рет ашуланса,     француздар - күніне  үш реттен,   немістер  - екі күнде    шамамен  бес реттен   «қабақтарын түйеді»  екен.

Ал ашуланудың себептеріне келетін болсақ,  британдықтарды   олардың алдын орап, кезектен тыс   бір жерге өтіп  кеткісі  келетіндер  көп қынжылтады екен. Ал    екінші  орындағы  фактор -    жолдардағы кептелулер,  үшінші орында -   дүкендердегі төмен сервис  көрінеді.

Итальяндықтарды -  икемсіз    жүргізушілер, француздарды -  мейрамханалардағы сапасыз тамақ пен   төмен сервис  ашуландырады.