Британдықтар қатерлі ісікті нанобөлшектерімен емдейтін болады

АСТАНА. Қазанның 7-сі. ҚазАқпарат - Қатерлі ісіктер металл нанобөлшектерінің көмегімен емделетін болады. Оны емдеудің жаңа тәсілдерін тестілеуді Ұлыбританиядағы Лондон Университеттік колледжінің (University College London) қызметкерлері жүргізеді,

Британдықтар қатерлі ісікті нанобөлшектерімен емдейтін болады

деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента.ру сайтына сілтеме жасап.

Зерттеушілердің бірі Сэм Джейнстің (Sam Janes) айтуынша, соңғы 30 жылда өкпе қатерлі ісігінен зардап шегетін аурулардың өмір сүру көрсеткіштерінің айтарлықтай жақсарғаны тіркелген. Ғалымдар химиялық терапияның көмегімен жоюдың сәті түспеген ісіктерді емдеудің тәсілдерін табуға әрекеттенген.

Қатерлі ісікті емдеудің жаңа әдісінің ерекшелігі - металл нанобөлшектерді ісік жасушаларына тікелей жеткізе алады. Осының арқасында көршілес сау жасушалар зақымдалмай қатерлі ісікке әсер ету мүмкіндігі пайда болады.