Британдықтар өмірлерінің жарты жылын кезекте өткізеді екен

ЛОНДОН. Наурыздың 27-сі. ҚазАқпарат - Ұлыбританияның ірі қалаларының тұрғындары өмірлерінің жарты жылын кезектерде тұрып өткізеді екен.

Британдықтар өмірлерінің жарты  жылын кезекте   өткізеді екен
Бұл туралы британдық зерттеушілер мәлім етіп отыр. Олардың айтуынша, мегаполистердің тұрғындары 6 ай уақыттарын кезектерде өткізуге мәжбүр, деп хабарлайды ҚазАқпарат «РИА «Новости» агенттігіне сілтеме жасап. 3 мың британдық қатысқан сауалнама көрсеткендей, орташа статистикалық ересек адам айына 5 сағат 35 минутын кезекте өткізеді екен. Бұл уақыттың көпшілігін - айына 53 минут - олар азық-түлік дүкендерінде өткізетін көрінеді, оған қоса қоғамдық көліктерді күтуге - 43 минут, бар-дәмханаларда кезек күтуге ? 35 минут уақыт тағы кетеді. Бұл жерде басқа дүкендерде де (киім-кешек, DVD өнімдері) кезек күтетіндерді де ескеру керек. Банктерде және пошталарда кезекте тұру да британдықтардың тағы 27 минутын алады екен, банкоматтарға - тағы 25 минут уақыт кетеді. Жинақтай келгенде, орташа статистика бойынша британдық азаматтар жылына 67 сағат уақытын кезекте өткізетін болып шықты.