Британдықтар өз үйлерінің табалдырығын 750 мың АҚШ долларына сатты

АСТАНА. 24 сәуір. ҚазАқпарат - Британдық ерлі-зайыпты өз үйлерінің табалдырығын 750 мың АҚШ долларына сатып, олжаға кенеліп отыр.
None
None

Баспананың табалдырығы сирек кездесетін буддалық артефактқа жататыны анықталған соң, баға шарықтап кеткен.

Бірнеше жыл бойы тас Англияның оңтүстігінде орналасқан ерлі-зайыптыға тиесілі үйдің бір бөлшегіне айналып үлгерген. Ал оның тарихын үй қожайыны ұзақ уақыттан бері анықтауға тырысып келген.

Тас шриланкалық буддалық шіркеудің бір баспалдағы екенін Bonham's бәссауда үйінің сарапшылары анықтады. Орташа алғанда артефакт бір мың жыл бұрын жасалған. Ол сақталып қалған баспалдақтардың жетіншісі болып саналады.

Тасты Ұлыбританияға 1950 жылы шай плантациясының иелері жеткізген.

Соңғы жаңалықтар