Британдықтар Ричард ІІІ үшін көптеген сағаттар бойы кезекке тұрды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлыбританиядағы Лестер соборында қойылған король Ричард ІІІ-нің табытын көру үшін кезекке бірнеше сағат бойы тұрғандар саны көбейгені соншалық, өкімет жаңадан келіп, кезекке тұрғандарға келесі күні келуге өтініш жасауға мәжбүр болды, деп хабарлады Би-би-си.

Британдықтар Ричард ІІІ үшін көптеген сағаттар бойы кезекке тұрды

Қазіргі кезде соборға кіруге кемінде екі мың адам тұр. Корольдің қаңқасы 2012 жылы Лестер қаласындағы автотұрақ астынан табылған. Жексенбі күні Ричард ІІІ сүйегі салынған табыт Лестер университетінен әкетілді. Оны графтықтың Ричард ІІІ билік құрған кезінде маңызды рөл атқарған жерлермен алып жүрді, соның ішіне 1485 жылы Ричард ІІІ өлтірілген жер де болды. Кейіннен Лестердің орталығына оралған кортеж жолбағытының бойында 35 мыңнан астам адам тұрды.

Ричард ІІІ-ні қайта жерлеуді бейсенбі күні Кентерберий архиепископы Джастин Уэлби өткізеді.

2012 жылы Лестердегі автомобиль тұрағын қазу кезінде XVI ғасырдың 30-шы жылдары қиратылған монастырдың қалдықтары табылды. Ертедегі іргетастан ғалымдар қабірді тапты. Онда жерленген адам күштеп өлтірілген ер адамның мүрдесі болып шықты. Қаңқадан 10 жарақаттың ізі анықталды, соның ішінде сегізі - бас сүйегінде болған.

Ғалымдар әуелі сүйектердің 30 жас шамасында өлген ер адамдікі екенін анықтады. Радиокөміртегі талдамасы табылған мәйіттің XV ғасырдың ортасына жататынын айғақтады. Сонда бұл қаңқа Ричард ІІІ-нікі болуы мүмкін деген топшылау айтылды.

Ричард ІІІ Босворттағы ұрыс кезінде 1485 жылы 32 жасында таққа үміткер Генрих Тюдормен шайқаста қаза болған, тақ кейіннен король болған Генрих VII-нің қолына өтті.

Ричард ІІІ соғыста қаза болған соңғы король болды. Оның өлімімен байланысты Плантагенеттер әулетінің ерлер желісі үзілді. Тақ Тюдорлардың жаңа әулетінің негізін қалаушы Генрих VII-ге өтті.