Британдықтар телефон дүңгіршегін мұражайға айналдырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Англия солтүстігінде Уорли қаласының тұрғындары телефон дүңгіршегінде мұражай ашты. Ол елдімекен тарихына арналды, деп хабарлады ҚазАқпарат Daily Mail басылымына сілтеме жасап.
None
None

Дүңгіршек күңгірт шынымен қапталған, ішінде қала тарихымен байланысты ескі суреттер және басқа да заттар бар. Мұражай коллекциясы шамамен үш ай сайын жаңартылып отырады.

Уорли (WCA) тұрғындары қоғамының мүшелері телефон дүңгіршегін мәдени нысанға айналдырды. Ұйым өкілдері мәлімдегендей, жаңа мұражай келушілерді өзінің ерекшелігімен еріксіз тарта түсуде.

WCA өкілдері өздері құрған нысанды әлемдегі ең кішкентай мұражай ретінде Гиннесс рекордтар кітабына енгізуге өтініш берді.

2015 жылғы қарашада мысырлық Александрия қаласы ауданында Жерорта теңізі түбінде мұражай ашылатыны белгілі болды. Келушілерге Орта ғасырда жер сілкінісі салдарынан шайылып кеткен ежелгі үйінділер көрсетіледі.

Соңғы жаңалықтар