Британдықтардың басым бөлігі ЕО-дан шығуды қалайды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Survation компаниясы жүргізген сауалнамада британдықтардың 43 пайызы Еуроодақтан шығуды жақтап дауыс берген, деп хабарлады РБК.
Ұлыбританияның ЕО-да болуын 40 пайызы жақтаса, 17 пайызы нақты шешім айта алмаған. Сауалнаманың айқындалмаған санын қосатын болсақ, ЕО-дан шығуды Біріккен корольдіктің 51 пайыз азаматтары қолдайтыны белгілі болды.
Сауалнама Ұлыбритания пермьер-министрі Дэвид Кэмеронның ЕО құрамында елдердің болу мәселесі бойынша қойылған сұрақты өзгертуге ниетті екені жайлы хабарлағаннан кейін жүргізілді. Сұрақты өзгерту шешімін Электоралдық комиссия ұсынды. Олар сұрақтың қазіргі редакциясын жеткілікті бейтарапты емес деп санайды. Ол былай: «Біріккен корольдікке Еуропалық одақтың мүшесі болу қажет пе?».
Электоралдық комиссия сұрақты: «Біріккен корольдікке Еуропалық одақ мүшесі болып қалу керек пе немесе одан шығу керек пе?» деп басқаша қоюды ұсынды. Бұдан басқа, комиссия жауаптар нұсқасын «иә/жоқ» дегеннен «Еуропалық одақтың мүшесі болып қалу» және «Еуропалық одақтан шығу» деп кеңейтуді ұсынды.
Ұсынысты Біріккен корольдіктің Тәуелсіздік партиясының (UKIP) көшбасшысы Найджел Фарадж қолдады. UKIP негізгі талаптарының бірі ЕО-дан шығу болып табылады.
Дэвид Кэмерон референдум өткізу жоспарын 2015 жылғы мамырда премьер-министр орынтағына қайта сайланғаннан кейін бірден мәлімдеген. Консервативтік партияның сайлауалды бағдарламасында референдумды 2017 жылдың соңына дейін өткізу ұсынылған, алайда Кэмерон оны 2016 жылы қазанда өткізуге шақырды.