Британдықтың салмағы бір келіден асатын алтын балығы бар
АСТАНА. ҚазАқпарат - Лондон тұрғыны Энди Грин өзінде Британиядағы ең ірі алтын балығы бар екенін мәлім етті. Роки деп ат қойылғанқызыл оранданың салмағы бір келіден асады және құны 4,5 мың фунтты құрайды (шамамен 5,5 мың АҚШ доллары).
Грин сирек кездесетін жануарлар саудасымен айналысады және қазіргі уақытта оларға деген сұраныстың көп екенін айтуда, деп жазды Metro.
Британдықтың сөзіне қарағанда, ол «бір қапшық қанттан» сәл ауыр балықты қытайлықтан сатып алған.
Оранда - алтын балықтардың қолдан шығарылған түрі. Олардың денесі 18-26 сантиметрге жетеді. Әдетте, мұндай балықтар Қытай мен Жапонияда өсіріледі.